Жарнама
Жарнама

Бразилиялық қорғаушы “Зенит” командасымен қоштасады

28 жастағы Нино отбасылық мәселелерге байланысты Петербор командасынан кетпек.

Жарнама
Жарнама

“Зенит” командасы орталық қорғаушының ойынына дән риза. Сергей Семак командасы Ниноның аяқталуға жақын келісім шартын тағы бір жылға создыруды жоспарлап отыр. Алайда бразилиялықтың өзі жаңа маусымда Еуропа клубтарынан ұсыныс күтпекші. Бұның себебін Нино өзінің аутизммен ауыратын баласына әкеліп тіреп отыр. Ресейде бұндай дертке шалдыққан жасөспірімдерге лайықты деңгейде жағдай қарастырылмаған. Сондықтанда бразилиялық мүмкін болса, отбасымен бірге Еуропаға аттанып кетсем деген ойда жүр.

28 жастағы футболшы осы маусымда “Зенит” сапында 12 матч өткізді. Нино Ваня Дркушич екеуі Петербор командасының негізгі орталық қорғаушылары саналады. 

Өз мансабында орталық қорғаушы “Зениттен” бөлек, бразилиялық “Крисиума” және “Флуминенсе” клубтарында өнер көрсетті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: