Жарнама
Жарнама

Бразилиялық легионер жеңілісті мойындап, басты мақсат “Селтикті” ұту екенін айтты

17.08.2025, 16:00

"Қайраттың" Бразилиялық шабуылшысы Рикардиньо жеңілгеннен кейін әсерімен бөлісіп, алдағы Чемпиондар лигасындағы "Селтикке" қарсы ойын жайлы айтты.

Жарнама
Жарнама

"Футболда мұндай жағдайлар болып тұрады. Оңай емес, себебі осы аптада біз Братиславада ауыр ойын өткізіп, көп күш жұмсадық. Енді бізге сынбай, берілмей, келесі матчқа дайындалу керек.

"Селтикке" қарсы ойынды айтатын болсақ, ол өте ауыр болатыны анық. Бірақ ол шайқасқа ерекше дайындалып жатырмыз. Мүмкін емес ештеңе жоқ. Әрдайым бізді алға жетелейтін жанкүйерлерге ризамыз. "Селтикпен” кездесуде бар күшімізді  салып, қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз." – деді Рикардиньо.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров