Бразилияда бір миллиардер өзінің барлық байлығын атақты футболшыға мұра етіп қалдырғаны белгілі болды.
Қызығы, бұл адам Неймарды ешқашан көзі тірісінде кездестірмеген. Ол өткен маусым айында Порту-Алегри қаласындағы кеңсесінде екі куәгердің қатысуымен өсиет жазып, заңгеріне тапсырған. Құжатта 33 жастағы Неймар оның жалғыз мұрагері ретінде көрсетілген. Әңгіме жалпы көлемі 846 миллион фунт стерлингке тең байлық туралы болып отыр.
Миллиардердің өзі жайлы ақпарат аз. Оның әйелі де, баласы да болмағаны айтылады. Кейбір деректерге сенсек, ол Неймардың отбасына жақындығын, әкесіне деген ерекше құрметін бағалап, осындай шешім қабылдаған болуы мүмкін.
Осылайша, Бразилиялық супержұлдыз күтпеген жерден орасан зор мұрагерлікке ие болғалы тұр.
Біздің серіктес: FONBET