Қазақстандық жанкүйерлерге "Ордабасы" мен "Қайрат" сапында өнер көрсетуімен танылған Бразилиялық Жоао Пауло күтпеген мәлімдеме жасады. Тәжірибелі шабуылшы әлі күнге дейін жаңа клуб таппай, еркін агент ретінде жүргенін ашық айтты, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Паулоның Бразилиялық "АБС” клубымен келісімшартқа отырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында ойыншы бұл қауесетті жоққа шығарды.
“Жоқ, мен әлі "АБС” клубымен келісімшартқа қол қойған жоқпын. Шешім қабылдамас бұрын тағы бір-екі апта күтемін. Қазақстандық клубтардан хабар болып қалар деген үмітім бар, бірақ әзірге нақты ұсыныс түскен жоқ.” – деді футболшы.
Біздің серіктес: FONBET