Жарнама
Жарнама

Бразилиялықтың ҚПЛ-ге ауысуына қатысты шындық белгілі болды

Бүгін, 11:13

"Қайсар" Бразилиялық Эваристоның құқығына иелік ету үшін "Байя" клубына ақы төледі, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Legalbet.kz порталының мәліметінше, “Қасқырлар” футболшының трансферлік құқығының 50 пайызын Бразилиялық "Байя” клубынан сатып алған. Бұл ақпарат бұған дейін тараған кейбір деректерді жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін халықаралық Transfermarkt сараптамалық порталы Эваристоны "Қайсарға” еркін агент ретінде ауысты деп көрсеткен  болатын. Алайда ойыншының "Байя” клубымен биылғы жылдың соңына дейін жарамды келісімшарты бар екенін ескерсек, тегін ауысу мүмкін емес еді.

"Қайсар” ойыншының толық емес, тек жарты құқығын иеленді. Бұл дегеніміз — егер болашақта Қызылордалық клуб Эваристоны басқа командаға сататын болса, түскен табыстың 50 пайызы Бразилиялық "Байяға” беріледі.

Осылайша, Қызылорда клубы легионер үшін тікелей трансферлік ақы төлемей, болашақтағы үлесті бөлісу арқылы тиімді мәмілеге қол жеткізген көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров