Жарнама
Жарнама

Бразилия алаңдары жастардың бағын аша ма?

09.06.2014, 22:17
Жарнама
Жарнама
Әлем чемпионаты біраз жастардың да футболдағы алғашқы баспалдақтарының бірі. Жасы 20-ны енді ғана алқымдаған, тіпті оған да жетпеген жас аяқдопшылар үшін, Бразилиядағы дода болашақтың іргетасы. Өз күшіне деген сенімділіктің пайда болуына зор ықпалын тигізеді. Үлкен бір тәжірбие мектебі болмақ. Біразы үшін жұлдызды сәт болуы да мүмкін. Әсіресе, Англия, Бельгия, Бразилия жастарының таланты таңғалдырады. Алекс Чемберлен, 20 жас. Англия Ағылшындардың басты қаруының бірі, жылдамдықта. Негізі, ағылшындарда жылдам ойыншылары жетерлік. Адам Джонсон, Аарон Леннон, Тео Уолкотт. Леннон Ағылшын Примьер-Лигасында осы маусымда жақсы ойын өрнегін көрсете алған жоқ, сондықтан Рой Ходжсон назарынан тыс қалды. Ал, Уолкотқа кедергі болған жарақаты. Олар жоқта Англияның "джокеры" қызметін осы Чемберлен атқаруы мүмкін. Жылдам, физикалық тұрғыдан мықты Чемберлен өз қанатында кез келген қорғаушының бас қатырарлық мәселесі болмақ. Рахим Стерлинг, 19 жас. Англия Стерлинг-Суарес-Старридж үштігі осы маусым Англияны біраз шулатты. Еншісінде тоғыз гол, бес нәтижелі пас. Премьер-Лиганың алтынына таласқан "Ливерпуль" сапында 19 жасар жас футболшы үшін бұл керемет нәтиже. Сырт әлпетіне, бойына қарап бұл ойыншыны осал деп санағанмен де, бар өнерін доп аяғына түскен кезде көрсетеді. Жылдам аяқтары, дриблинг, допқа аяғына дейін таласу Стерлингтың басты көзірі. Ромелу Лукаку, 21 жас, Бельгия Бельгия футболында ешқашан да керемет, мықты шабуылшы болған емес. Қақпашылар, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар болды, бірақ топ-деңгейдегі тоғыздыққа зар болды. Лукаку "Вест Бромвич", "Эвертон" сапында әр маусымда 15-17 голдан тоғытпағанша. Осы маусымда "Эвертон" сапында өнер көрсеткенмен де, Лукаку "Челсиға" тиесілі. "Челсидің" шабуыл өті осалдық танытқанда, Жозе Моуриньо Лукакуды "Эвертонға" жалға бергені үшін талай бармақ тістеген шығар. Лукакуды жоғарғы деңгейдегі техникалы футболшы деуге келмейді, Лукаку нағыз шабуылдағы танк. Көп еңбектің, табандылықтың, прессингтың арқасында өз дегеніне қол жеткізеді. Әр матчта соңына дейін шайқасады, бір сәт те қарсылас қорғанысына тыным бермейді. Бельгияның, жас та болса, әлемдегі үздік шабуылшылардың қатарына енген Лукакуға артар үміті зор. Рафаэль Варан, 21 жас, Франция Варанның жасы 21-ден енді асса да, екі маусымда "Реал Мадрид" сапында алаңға 60 рет шығып үлгерді. Тіпті Касильястың өзі мұндай жетістікпен мақтана алмайды. Иә, қазіргі таңда Варан, негізгі орталық қорғаушылар Пепе мен Рамосты алмастырушы ғана. Өткен маусымда Жозе, осы маусымда Карло да керек кезіңде сенім артып, бірінші минуттардан алаңға шығарды. Варан екеуін де өзі үшін ұялтқан емес. Чемпиондар лигасының финалында да, алаңдағы ойынына бір сын айтқызған емес. Жылдамдық, шабуылды қолдауы, әсіресе, стандартты жағдайда, шабуылшылардың ойын дер кезіңде оқуы, позицияны дұрыс таңдауы, әлем чемпионатында  Франция үшін Варанның бұл қасиеттері өз көмегін береріне дау жоқ. Тибо Куртуа, 22 жас, Бельгия Куртуаны кәрі құрлықтағы қай "гранд-клубы" өз қақпасында көргісі келмейді дейсіз? Чех кетсе, орнын жоқтатпайтын Куртуа барына "Челси" бақытты, әлі біраз жыл қақпасы үшін алаңдамайтын Бельгияның да бақыты "ақсүйектердікінен" кем емес. "Челсимен" құда болғысы келетіндер көп, бірақ, "Челси" жібере қоймас, Оның үстіне бағасы да минут санап өсуде. Әлемдегі үздік 5 қақпашының тізіміне Куртуаны кіргізуге әбден болады. Осы маусымда "Атлетиконың" нағыз берік қамалы болды. Испаниядағы алтын, Чемпиондар Лигасындағы күміс үшін Куртуаның сіңірген еңбегі ешкімнен кем емес. Білесіз бе, бірінші және соңғы рет, әлем чемпионатының үздік футболшысы 2002 жылы қақпашы деп танылған. Ол атақты Оливер Кан. Егер де, 12 жылдан кейін тарих қайталанып, оны Куртуа қайталайтын болса, өз басым таңғалмаймын. Себебі, Куртуаның бойында мықты қақпашыға тән қасиет жетерлік. Поль Погба, 21 жас, Франция Погба да жастығына қарамастан әбден ысылған аяқдопшы. Ойын барысында қорғаныс пен шабуыл арасындағы тұрақтылықты сақтайтын жартылай қорғаушы. Жойқын, дәл соққыдан да кенде емес. Компьютер ойынындағы ФИФА-да, бүкіл мықты футболшыларды сүйікті командамызға жинайтынымыз секілді, бірте-бірте жұлдыздарды жинап жатқан "ПСЖ" Погбаны 60-70 миллионға сатып алуға да дайын-мыс. Ал, Бразилияда Рибериді жоқтатпайтын футболшы дәл осы Погба болуға тиіс. Марио Гётце, 22 жас, Германия Үш дүркін Германия чемпионының да Бразилия жерінде айтар сөзі бар. Осы маусым Гётце  үшінсәтті өтті деу қиын. Дортмундта көрсеткен бар өнерін, Мюнхенде көрсете алмады. Марио оңтайлы пасты берумен қатар, екі-үш ойыншыны алдап өтіп шабуылды өзі аяқтайтын қасиеті де бар. Егер, Йохим Лев жас ойыншыға сенім артып, алғашқы минуттардан алаңға шығарып, алаңда еркін ойнауына мүмкіндік берсе, біз неміс елінің супер-Мариосың көруіміз ғажап емес.  Оскар Дос Сантос, 22 жас, Бразилия Бразилия жастары жайлы әңгіме қозғамасақ болмас. Өз еліңде, өз жеріңде, өз жанкүйерлері алдыңда бразилиялық жастар да аянып қалмайды. Оскар өзін да Англиядағы секілді емес, отанында жайлы сезінері анық. Не дегенмен, Оскарға Жозе, Сколори секілді сенім артпайды. Негізі құрамнан "Челсида" ойып тұрып орын ала алмай, бар өнерін көрсете алмай жүрген Оскар үшін, бразилия халқын билету үшін зoр мүмкіндік туып тұр. Неймар, 22 жас, Бразилия Бразилияның болашағы. Бүгінгі таңда Неймар Бразилияның таңғажайып ойыншысы. Иә, Давид Луиз, Халк, Сильва секілді тәжірбиелі мықты футболшылар бар, бірақ халық бар үмітті Неймарға артатыны анық. Ұлттық құрамадағы Неймар мен, "Барселонадағы" Неймар екі түрлі. Бразилияда Неймар сол қанаттың шаубылшысы болса, ""Барселона" оның бұндай қасиеті барлығын ұмытқандай. Әрине, кез келген ойыншы жаттықтырушы қойған талапты орындауы тиіс, қай позицияны нұсқаса сонда ойнауы керек. Бірақ, сен мега-деңгейдегі футболшы болсаң да, кез келген позицияда өнер көрсетуін тиіс, соған міндеттісін дегенді білдірмес. Әр футболшы, өзінің сүйікті позициясында еркін көсіледі, сол позицияда ғана жемісті. Былтыр әлемдік дода алдыңдағы репетиция аталып кеткен, Конфедерация кубогінде Неймар жарқын ойын өрнегін көрсетіп, командасының биікке өрлеуіне көмектескен болатын. Кім біледі, бұл жылы әлем чемпионатының алтының тағып жатса, Неймар үшін Испаниядағы сәтсіз маусымнан кейін нұр үстіне нұр болар еді. Эден Азар, 23 жас, Бельгия Негізі, Бельгияның құрамы ғажап-ақ. Бір уақытта Бельгия ұлттық құрамасы сапында  мұншалықты жоғарғы деңгейдегі ойыншалыр жиналмаған. Бәрі де Еуропаның белді клубтарында өнер көрсетіп қана қоймай, өз командаларында негізгі құрамның ойыншалары. Бельгияның топтық кезеңнен шығып, біраз алпауыттардың жүйкесін жұқартуға мүмкіндіктері мол. Қорғаныстың тірегі "Манчестер Сити" капитаны Компани, жартылай қорғаныс тірегі Витсель, Феллаинилер болса, шабуыл өтінде бар үміт Азарда. Шабуылдың жылдамдығы, өтімділігі Азардың мойнында. Егер Челсидегі өнерінен жаңылмаса, Бельгия үшін тарихтағы сәтті әлем біріншілігі болуы тиіс. Кейбір белді эксперттердің өздері, Бельгияны тіпті, фаворит бестіктің тізіміне енгізгені бекер емес.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
   
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров