Жарнама
Жарнама

Бразилия - Аргентина матчы 7-ақ минутқа созылды

06.09.2021, 14:41
Полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған 4 футболшыны ұстау үшін алаңға баса көктеп кірді.
Жарнама
Жарнама

Бүгін түнде футболда қызық оқиға орын алды. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Оңтүстік Американың қос мықтысы кездесіп жатқан. Ойын енді қыза бергенде Бразилия полицейлері карантин ережелерін бұзған төрт аргентиналық футболшыны ұстау үшін алаңға шықты.

Аргентиналықтар осыдан кейін бірден киім ауыстыратын бөлмеге кетті.

Эмилиано Мартинес, Эмилиано Буэндиа, Джовани Ло Чельсо мен Кристиан Ромеро ел шекарасын бұзып өткен. Яғни, Ұлыбританиядан келген адамдар Бразилияда 14 күн карантинде болуы тиіс. Ал бұл футболшылар шекарадағы қызметкерлерге соңғы кездері Англияда болмадық деп өтірік айтқан.

Полиция қонақүйге іздеп келгенде, ойыншылар матчқа кетіп қалыпты. Стадионға келген полицейлер ойынды тоқтатып, 4 футболшыны тұтқындаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров