Жарнама
Жарнама

Бразилия мен Аргентина арасындағы матч қайта ойналады

10.05.2022, 17:43
Қос команданың қыркүйекте өткен ойыны 7-минутта тоқтатылған еді.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) апелляциялық комитеті Аргентина мен Бразилия арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчының қайта ойналатынын растады.

Қос команда арасындағы кездесу 2021 жылдың 5 қыркүйегінде Сан-Паулуда өткен еді. Ойын енді қыза бергенде (7-минутта) Бразилия полицейлері карантин ережелерін бұзған төрт аргентиналық футболшыны ұстау үшін алаңға шықты. Нақтырақ айтсақ, Эмилиано Мартинес, Эмилиано Буэндиа, Джовани Ло Чельсо мен Кристиан Ромеро ел шекарасын бұзып өткен. Яғни, Ұлыбританиядан келген адамдар Бразилияда 14 күн карантинде болуы тиіс. Ал бұл футболшылар шекарадағы қызметкерлерге соңғы кездері Англияда болмадық деп өтірік айтқан.

Полиция қонақүйге іздеп келгенде, ойыншылар матчқа кетіп қалыпты. Стадионға келген полицейлер ойынды тоқтатып, 4 футболшыны тұтқындады.

Матчтың қайта ойналатын күні кейінірек белгілі болады.

Айта кетейік, Катарда өтетін әлем чемпионатына Аргентина мен Бразилия құрамалары жолдама алып қойды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров