Жарнама
Жарнама

Бразилия мен Эквадор құрамалары тең ойнады

28.06.2021, 13:22
Топтың кезеңнің қорытындысы бойынша В тобынан Бразилия, Эквадор, Перу және Колумбия құрамалары келесі кезеңге өтті.
Жарнама
Жарнама

Бразилия құрамасы Америка Кубогінің топтық кезеңінің бесінші турында Эквадор құрамасымен кездесті. Матч Гояниадағы "Олимпико Педро Лудовико" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Бразилия құрамасы 37-минутта Эдер Милитаоның дәл соққысынан кейін есеп ашты. Екінші таймның басында Анхель Мена есепті теңестіріп, осы кездесудегі соңғы нүктені қойды.

Ал параллель өткен матчта Перу құрамасы Венесуэланы 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Бразилия құрамасы өз тобында бірінші орын алып, турнирдің плей-офф кезеңіне өтті. Эквадор, Перу және Колумбия да Америка келесі кезеңнің жолдамасын жеңіп алды, ал Венесуэла турнирден шығып қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров