Жарнама
Жарнама

Бразилияда оқып жүр, талай қазақ баласы...

09.08.2014, 20:01
Жарнама
Жарнама
20140711_165559Ел футболында соңғы жылдары елеулі жаңалықтар көп орын алды. Оның ішінде қазақ жастарының Бразилияда футбол  академиясында тәлім алуы да бар. Бірақ, бірнеше жыл бойы баспасөзде қызу таласқа айналған осы "Оле Бразил" түлектері туралы әңгіменің тағы бір шетін шығарып көрсек. Бірінші толқынның аса мықты нәтиже көрсетпегені анық. Ал, енді екіншісі қалай болмақ? Бразилияға жібергендегі сонда мақсат қандай, егер нәтиже болмаса? Мүмкін себеп басқада болар. Бразилиядағы Әлем чемпионаты кезінде мен бір күнімді қазақстандық болашақ футболшылардың қал-жағдайын біліп қайтуға бел буған едім. Қазақстандық жастар әрбір күнді таңғы жаттығумсен бастайды. Және тура біз барған күні Айсұлтан Сейдахметтің туған күні екен. 17-жасқа толған жас аяқдопшыны күллі ұжым құттықтап, сыйлығын тапсырды. Осындай мерекелік көңіл-күймен басталған күн, одан әрі де тамаша өтті. Ал енді бұл академиямен келісім шарттың сонау 2007 жылы жасалғандығын айта кетейік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияға жасаған сапарында ел президенті Луис да Сильвамен кездесу барысында қазақстандық жастардың «Оле Бразил» академиясында жаттығуына мүмкіндік жасаған еді. Екі ел президенттері келісімге қол қойысымен Қазақстаннан алғашқы лек спортшылар аттанған болатын. 3 жылдық оқуды аяқтасымен олар Астанада жаңадан құрылған «Бәйтерек» деп аталатын команданың негізін құрды. Алғашқы лектен көзге түскендер арасында ша  буылшы Рауан Сариев пен жартылай қорғаушы Берік Шайхов қана болды. Бірінші топтың көрсеткен өнеріне елдегі сарапшылар екі қырлы баға берді.
Жандос БАЙДІЛДӘ
«Ел.кз» сайтының журналисі -         Бірінші лектен келгендер негізінен «Бәйтерек» деген команданы құрып отыр. Олар Қазақстанның I-лигасында бұрыннан бері ойнап келе жатқан «Каспий», «Спартак» деген командаларды артқа тастап кетті. Олар небәрі 17-18 жасар жас жігіттер екендігін де ескеру керек. «Халық сөзі» газеті
-         Олар, Бразилияда оқымай-ақ қазақ жерінде доп қуғандардан асып тұрғаны шамалы. Еліміздің бас командасын айтпағанның өзінде жасөспірімдер, жастар құрамасы бапкерлерінің де көзіне түсер емес.    
"Оле Бразил" академиясының осы күні қағаз жүзінде жоқ екенін айтайық. Бұл ұжым банкротқа ұшырып, оның базасы түгел "Ботафого" футбол клубына өткен. Енді қазақ жастары жаттығып жатқан оқу орны "Ботафого-Социал" футбол академиясы деп аталады. Бразилиядағы өзге академияларға қарағанда «Ботафого Социял» футбол академиясы анағұрлым арзандау екен. Қазақстандық баспасөзде атақты, даңқты «Оле Бразил» академиясы деген сөздердің барлығы шындыққа жанаспайды. Жоғарыда айтып өтілгендей-ақ екі елдің басшылары келісімге қол қойғаннан кейін ғана бұл академия жұмыс істей бастаған. Және бұл академияның түлектері деп айтатын футболшылар әлемдік футболда аттары танылмаған.
25 баланың 9 айлық оқу маусымына 85 миллион теңге бөлінді. Олардың 3 жылдық оқуына жалпы сомасы 260 миллион теңге кетеді. Демек, әр айға бір балаға 2 мың доллардан есептелінеді.
20140711_1835151-топ оқу-жаттығуда бастаған нан кейін 8 бірдей баланы «Оле Бразил» елге қайтарды. Ешқандай да футболға икемі жоқ деген уәж айтылды. Бұл жолы ондай жағдай орын алмады. Дегенмен, де елімізде іріктеу дұрыс өтпеді деген азаматтарға жауап дайын. Мұзафар АБДУЛСАТТАРОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БРАЗИЛИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ -         Алаңдағы бір позицияға 2 футболшыдан іріктелді. Оның барлығын жасаған осы академияның бапкері Тмиаго Казловский. Сондықтан да, қабілеті төмен футболшылар алынды деп айтуға болмайды. Ең алдымен, жігіттердің физикалық жағдайы ескерілді, одан кейін техникалық тұсы. Андре СОУЗА ФИЗИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ БАПКЕРІ -         Қазақстандық жастардың талабы жаман емес. Ең бастысы олардың футболшы болсақ деген мақсаты айқын. Аянбай тер төгуде. Бразилиялық футбол көбінесе техникаға негізделгеннен кейін көбінесе осы қырынан көбірек жаттығу өткіземіз. Бұл жолы келген 26 баланың деңгейі де жаман емес. Ботофого академиясының бұл түлектері Қазақстан футболына тың серпіліс береді деп сенеміз. 20140711_173029Ерік ЕРЖАНҰЛЫ АУДАРМАШЫ-КУРАТОР -         Бразилияның бір артықшылығы, мұнда Қазақстандағыдай аяз, қыс болмайды. 12 ай жылына күндіз-түні жаттығу жасаймын десеңіз жағдай бар. Одан кейін, футболшылар осында орналасқан, жаттығуға баруға оларға көп уақыт кетпейді. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Болатбек ЖУАСБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ -         Саннан гөрі сапаны таңдағанымыз жөн. Қазақстннан 100 бала алып келгенімен де олардың ішінен мықты футболшылар санаулы ғана шығады. Жиырма баланы әкелсең де соншама сапалы ойыншы пайда болады. Сондықтан да біз сапаға жұмыс жасағанымыз жөн. Фарух МИРСАЛИМБАЕВ «БОТОФОГО» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  ШӘКІРТІ -         Бізді осында оқуға жіберер кезінде, іріктеуді жасаған жаттықтырушы Тиаго Казловски 2-лектің 1-лекке қарағанда мықты болатынын айтты. Олар жасамаған кейбір жаттығуларды біз бастан өткередік. Сондықтан, да 2-топтағы көптеген жастар мықты футболшы болулары тиіс деп ойлаймын. Рүстем ӘБДІРАЗАҚОВ «БОТОФОГО» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  ШӘКІРТІ -         Мен осында оқуға келер алдында, бірінші лектің түлектерімен сөйлестім. Олардан мұндағы жағдайдың қалай екендігін сұрадым. Олар маған, уақытты бос өткізбей жаттығулардан кейін де қалып жұмыс жаса деді. Ең қылжытатын тұсы жасанды алаң мәселесі болып тұр. Біз мында Бразилиядағы балаларымыз тамаша ауа райында, тамаша жасыл алаңдарда жаттығып жатыр дегеніміз бекер екен. Қазақстанда әр аулада тігіліп тұрған жасанды алаң мұнда да бар. Академияда 5 алаң бар. Оның үшеуі жасанды, қалған екеуі ғана табиғи шөп. Мына фотодан көріп тұрғандарыңыздай, қазақстандық аяқдопшылар жасады алаңда жаттығуда.
Бұл жерде логикалық сұрақ туындайды. Егер олар Бразилияға барғанда да жасанды алаңда жаттығатын болса, 26 баланы Латын Америкасына жібергенше, оларды жаттықтырып жатқан үш бапкерді Қазақстанға шақырта салған жөн болмас па еді.  
Біз барған күні Ботофога академиясындағы Қазақстан командасының бас бапкері болып саналатын бразилиялық бапкер жұмыс орнында жоқ болып шықты. Жастармен бірге жаттығу жасаған бапкер жасанды алаңның кесірінен жарақат алып, ауруғанаға түсіп қалыпты. Сол бапкердің осындағы жаттықтырушыларға айтуы бойынша командадағы ең талантты футболшы ол Фарух Мирсалимбаев екен. [caption id="attachment_20293" align="aligncenter" width="480"]20140712_005328 Фарух Мирсалимбаев[/caption] Фарух МИРСАЛИМБАЕВ «БОТОФОГО» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  ШӘКІРТІ -         Мен өзім Тараздан келдім. Мұнда жалпы Қазақстанның бүкіл аймағынан балалар бар. Бірақ, мен өзім Тараз футболын мақтаныш тұтамын. Исламхан Қонысбаев секілді футболшылардың алдында ел футболында атақты болған Мазбаев Нүркен секілді ойыншылар болған. Олардың барлығы жамбыл футболының мақтаныштары. Жаттығудың көбінесе техника мен тактикаға арналатынын айттық. Сонымен қатар аптасына екі-үш рет жастар ауыр атлетика залында жұмыс жасайды. Биыл 16-17 жасқа келіп жатқан жастардың сонымен қатар орта білім алуы да керек. Жаттықтырушы мен куратордың айтуынша, мұндағы білім беру әдістемесі Қазақстандағыдан шамамен 1 жылға кешігетін секілді. Өйткені, біршама уақытты қазақстандық жастар португал тілін үйренуге жұмсап алған. Мынау қазақстандық жастар орналасқан жатақхана. Бір бөлмеде 2 баладан. Жақсы жұмыс жасайтын ғаламтор мен ең керекті жағдай бар болғанымен де жалпы көрінісі аса қатты көз тұндырмайтынын да байқап тұрсыздар. Күніне үш мезгіл тамақ беріледі. Негізгі рацион күріш пен үрме-бұршақ.  Цитрусты жеміс-жидектен аса қатты мәселе туындамаса, еттің аракідік қана ұсынылатыны алаңдатады. Рибейрао-Прето қаласында орналасқан «Ботофого» стадионы осы аймақтағы басты футбол ордасы. Мұнда өнер көрсететін «Ботофого» футбол клубы да Бразилия чемпионатында біршама жетістіктерге жеткен. Бұл стадионда Әлем чемпионаты кезінде Франция құрама командасы жаттығуларын жасаған. Сонымен, Бразилияда доп өнерінің тәлімін алып жатқан жастар биылғы жылдың желтоқсан айында елге оралады. Команданың негізгі бөлігі астаналық «Бәйтерек» сапына келіп қосылады. Айта кетуіміз керек, бұл топпен бірге жаттығу жасап бастаған Владислав Васильев қарағандылық «Шахтер» командасына ауысып үлгерген. Премьер-лига клубына ауысқан жас дарынның орнына Шығыс Қазақстан облысынан Аслан Сіламхан есімді тағы бір футболшы келген. P.S Аталынып өткен сандар мен фактілерден соң, жасалынған сараптамалық жұмысымның қорытындысында айта кетерім тек ұсыныс ретінде ғана болмақ. Әрине, қазақ жастарының Бразилияда жаттығып келгенінен ешкім де зардап шеккеніміз жоқ. Бірақ, осы жобаға кеткен қаржыға өзге Еуропалық мемлекеттің академиясын жалдауға болатын секілді. Мысалы, Голландия немесе Бельгия секілді көптеген елдердегі футбол академияларын қарастырып көрсек, жаман болмас еді. Мысалға мұнда жаттыққан Қытай командасы академия жұмысына көңілі толмай келісім-шартты бұзды. Олардан өзге жаттығып жатқан Бенин мемлекетінің командасына аса қатты жоғалтатын ештеңе жоқ. Өйткені, олардың қаржысын ФИФА төлеуде. Енді, келесі үшінші толқын жастарды Бразилияға емес, жақындау өзіміздің Еуропаның бір академиясына жіберуді ойластырған жөн. Және бұл жобаны бұдан былай Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі емес Қазақстан футбол федерациясы өз құзіреттігіне алса екен деген тілек бар. Екінші толқынның футболшылары мына аймақтардан:  ОҚО – 5 Тараз – 4 Ақтау – 4 Талдықорған -2 Атырау – 2 Қарағанды -2 Астана  - 1 Алматы - 1 Қостанай – 1 ШҚО – 1

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Байқау!