Жарнама
Жарнама

БРАЗИЛИЯДА – ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ

13.08.2011, 06:37
Жарнама
Жарнама
"Оле Бразил клаб» футбол академиясында оқып жүрген отандастарымыздың бірі, «Жетісу» командасының түлегі Рауан Сариев Бразилия чемпионатының «А» сериясында өнер көрсететін «Атлетико Минейро» командасымен үш жылға келісімшартқа отырды. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан игі жобаның жемісін көре бастағанымызды айғақтайды. - «Атлетиконың» құрамына алынғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Бразилия еліндегі өмірге ақырындап үйреніп келемін. Әрине, туған жерді, жақындарымды сағындым, бірақ олармен күн сайын скайп немесе телефон арқылы сөйлесіп тұрамын - дейді отандасымыз жергілікті бразилиялық басылымдардың біріне берген сұхбатында. «Атлетиконың» бапкерлері Рауан Сариев жайлы жылы пікірлерін білдірген екен. Олар қазақ футболшысының аса дарынды екенін, жаңа ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса бастағанын айтады. Рауан Сариев өзінің гол соға білетін шабуылшы екенін ағымдағы жылдың көктемінде айқын дәлелдеген еді. Оливер Пельцер жаттықтыратын 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы мен «Оле Бразил клаб» академиясында білім алып жүрген отандастарымыз жолдастық кездесу өткізіп, «қонақтар» 3:2 есебімен басым түскені есімізде. Сол ойында Рауан Сариев екі голдың авторы атанған болатын. Тағы бір айта кетер жайт, Рауан - «Жетісу» командасының ойыншысы, болашағынан зор үміт күттірер жас футболшыларымыздың бірі Саят Сариевтің інісі. "Айқын" газеті
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров