Өткен апта ортасында Қазақстан кубогының 1-кезеңі болып өтті. «Астана-арена» стадионында «Бәйтерек» пен «Ақтөбе» командалары 8 ден бірінші финалға берер жолдаманы сарапқа салды.
Ойынның алғашқы минуттарында сәтті ойнаған «Бәйтерек» командасы бірден ақтөбелік қонақтарды абдыратып тастады. Осы ойынға екінші құрамды шығарады деп күткен бас бапкер Владимир Никитенко негізгі ойыншыларын алаңға жіберді. Дегенмен соның өзінде де бапкер қызыл кеңірдек болып, шәкірттеріне риза еместігін білдіртіп жатты. Бразилияда жаттығып келген жастардан құралған командадан сескенсе керек, алғашқы минуттардан жасыл алаңға Хайруллин мен Гридин секілді ұлттық құрама намысын қорғап жүрген жігіттерге сенім артты. Және есепті теңестірген де дәл осы Гридин болды. Кездесуде үш гол соғып, хет трик жасаған шабуылшы алғашқы голын 11 метрлік соққыдан ұрды. Араға 4 минут салып Юрий Логвиненко «Ақтөбені» алға шығарды. Ал 30 минутта Асхат Тағыберген тағы бір гол соғып, командасына сенімділік берді. Екі минуттан соң Сергей Гридин өзінің екінші добын соқты. «Бәйтеректің» қорғанысы сыр беріп, командалық ойындарынан мән кетті.
Екінші таймда жағдай өзгере ме деп күткен едік. Десе де, жастардың әзірге тәжірибиесі аздау екендігі көрініп тұрды. 5-голды Бикмаев қақпаға оңай соқты. Алтыншы гол да ақтөбеліктер ұзақ созбай бірден ұрды. Бұл жерде Сергей Гридиннің еңбегін атап өткеніміз жөн. Ал гол авторы қорғаушы Сүйлейменов болып тіркелді. Есепті айырмасы мұнымен де шектелмеді. Автоголдан кейін Александр Гейнрих, Роберт Примус, Сергей Гридиндер бір бір голдан соғып, есепті 1-9 ға жеткізді.
1 кезеңінің ойындары нәтижесінде Қазақстан кубогының жарыс жолынан ерте шығып қалған премьер-лига клубтары да болғандығын айта кетуіміз керек. Теміртауда Атырау командасы «Болатқа» пенальтиден ұтылып қалды. Талдықорғандық «Жетісу» «Қыранға» шамасы жетпеді. 8-ден бірінші финалда ойналатын жұптардың жеребесінің қорытындысы назарларыңызда. Бұл кездесулер 1 мамыр күніне жоспарланып отыр.
1-кезең
«Болат АМТ» — «Атырау» 0:0, пен. 4:3
«Мақтарал» — «Ордабасы» 0:2 (0:1)
«Лашын» — «Ақжайық» 1:2 (1:1, 0:1) қ.у.
«Қызыл-Жар СК» — «Тараз» 0:3 (0:3)
«Оқжетпес» — «Қайрат» 0:0, пен. 3:4
«Іле-Сәулет» — «Восток» 1:2 (1:1)
«Қыран» — «Жетісу» 2:1 (2:1)
БИIК — «Шахтер» 2:3 (0:0)
«Бәйтерек» — «Ақтөбе» 1:9 (1:4)
«Астана-1964» — «Тобыл» 1:1, пен 2:4
«Каспий» — «Гефест» 3:0 (1:0)
«Сұңқар» — «Екібастұз» 4:0 (0:0)
«Спартак» — «Қайсар» 1:2 (1:1, 0:1) қ.у.
«Ақ-Бұлақ» — ЦСКА 0:1 (0:1)
1/8 финал
1 мамыр
«Ордабасы» — «Каспий»
«Сұңқар» — «Ақжайык»
«Ертіс» — «Қайсар»
«Тараз» — «Болат» АМТ
«Шахтер» — «Қайрат»
«Тобыл» — ЦСКА
«Астана» — «Восток»
«Қыран» — «Ақтөбе».