Бразилиядағы жастарымыз демалысқа келді

03.12.2010, 21:35
Бразилияда оқу-жаттығу жасап жатқан қазақстандық 26 жеткіншек осы күндері өз отандарына демалысқа келді. Олар енді тағы бір маусым дайындықты бастан өткерген соң, елге кәсіпқой аяқдопшы болып оралады. Қазақстан премьер-лигасының 2012-жылғы маусымында дәл осы жігіттердің келуіне байланысты бәсекелестік пен қызу тартыс қыза түсетін шығар деген болжамымыз бар. 6 футболшының әр облыстағы клубтардың сапында жасындай жарқылдағаны Қазақ футболының алға жылжып, өсіп-өркендеуіне зор септігін тигізері сөзсіз. Тек сәтін берсін!