«Селтик» бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар Лигасы плей-оффындағы алматылық «Қайратқа» қарсы жауапты матч алдындағы баспасөз мәслихатында команданың дайындығы жайлы пікір білдірді.
«Қайрат» клубы бірінші ойында таңғалдырды деп айта алмаймын. Олар қорғаныста өте жақсы ойнады. Бұл кезеңге тек ең мықты клубтардың жететіндігін ескерейік. Алайда бұл кезең 2 кездесуден тұратындығын ұмытпаймыз. Футболшыларымыз тас түйін дайын.«Селтик» футболшыларында ешқандай қобалжу жоқ.
Бүгін «Орталық» стадионда кішігірім жаттығу өткіземіз. Ал ертең топтық кезеңге өтуге бар күшімізді саламыз. «Селтик» үнемі топтық кезеңде өнер көрсетеді. Сондықтан тәжірибесі мол. Ойыншыларға ешнәрсе демесем де, матчтың маңыздылығын қатты түсінеді. Өйткені біз үшін Чемпиондар лигасы - басты мақсатымыз», - деді Брендан Роджерс.
Айта кетейік, алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған болатын. Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыда, Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді.
Біздің серіктес: FONBET