Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алдында «Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс өз ойымен бөлісті.
«Қазақстан клубтарының деңгейі біркелкі шығар. Салыстырмалы түрде «Селтиктің» деңгейі қазақ клубтарынан биік. Неге? Себебі, біз де «Реал», «Барселона» секілді бренд командамыз. Тарихы терең ұжымымызды әлемнің түкпір-түкпірінде біледі. Өзіндік жанкүйерлері де бар. Бірақ Қазақстан клубтарының деңгейі төмен деп айта алмаймын», - деді Брендан Роджерс.
Сондай-ақ, ол «Қайраттың» мықты тұсына да тоқталды.
«Оларға қараңыздаршы, «Қайрат» ішкі чемпионатында 20 ойын өткізіп қойды. Чемпиондар лигасында жақсы қырынан көрсетіп келеді. Сондықтан олардың физикалық дайындықтары жоғары деп айта аламын. Техникалық тұрғыдан да мықты және жақсы футблл үлгісін көрсетеді», - деп қорытындылады «Селтиктің» жаттықтырушысы.
Айта кетейік, «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойын 20-сынан 21-і тамызға қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET