Жарнама
Жарнама

“Брешия” клубы қаржылық дағдарысқа байланысты тарауы мүмкін

09.06.2025, 15:30

Италиялық "Брешия" футбол клубы банкроттықтың алдында тұр. Бұл туралы Calcio e Finanza басылымы хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Мәліметке сәйкес, клубтың иесі Массимо Челлино командаға кәсіби деңгейде келесі маусымға қатысу үшін қажетті қаражатты уақытында төлемеген. Ол жалақы қарыздары мен айыппұлдарды өтеу үшін 3 миллион еуро көлеміндегі соманы аудармаған.

Басылымның хабарлауынша, алдағы күндері "Брешия" клубын қайта құру мәселесі қаралатын болады. 

Алайда, белгілі бір жағдайларда "Брешияның” әуесқойлар лигасына түсіп кетпей, Серия C-де ойнауын жалғастыру мүмкіндігі де бар.

"Брешия" Италиялық футбол тарихында өзіндік орны бар клуб. Кезінде Андреа Пирло, Роберто Баджо сынды аңыз ойыншылар осы клубта өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров