Жарнама
Жарнама

Британ басылымы Қазақстан құрамасын «банан қабығына» теңеді

05.09.2025, 14:19

Әйгілі «The Guardian» басылымы ӘЧ-2026 іріктеуі аясында өткен Қазақстан – Уэльс кездесуін қортындылап, алаң иелерінің өнерін бағалады.

Қазақстан - Уэльс кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кеше Әли Әлиевтің командасы Астанада 0:0-мен ұтылып, мундиальға шығатын мүмкіндіктен толық айырылған болатын.

«ФИФА рейтингінде 114-орындағы Қазақстан өзінің Астанадағы синтетикалық төсенішінде нағыз «банан қабығын» елестеткен. Қазақстандықтардың ӘЧ іріктеуі аясында өз алаңында қол жеткізген соңғы жеңісі осыдан алыс 12 жыл бұрын орын алған еді. Ол кезде Фарер аралдарынан басым түсті, бірақ Уэльске қарсы матчта қонақтарға да оңай соққан жоқ.

Ойын соңына қарай алаң иелерінің қысымы арта түскен, Крэйг Белламидің командасы әупірімдеп жүріп аман қалды, ал негізгі уақытқа қосымша минутта қосалқы құрамнан Серікжан Мужиков айып соққысынан жойқын соққы жасап қақпа маңдайшасын дәл көздеген болатын. Қортындысында, қонақтар Кифер Мурдың бірінші таймдағы голына ризашылық білдірді. Дәл сол соққы Уэльске жеңіс сыйлап, J тобынан тікелей жолдама алуға үміт берді. Алты сағаттық белдеуді ұшып өткен 7 сағаттық сапардың машақатынан кейін Уэльс кез-келген жеңіске риза болар еді. Оның үстіне команда кездесу қарсаңында тек бірақ рет толыққанды жаттығу өткізген. Нәтижесінде - қиын әрі біртірлі жеңісті тіркеді», - делінген басылым материалында.              

Келесі турда Әли Әлиев командасы сырт алаңда Бельгиямен ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров