"Брюгге" бапкері Иван Леко "Қайратпен" болатын кездесу алдында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, командасының қазіргі жағдайы мен алдағы ойынға жоспары туралы ашық айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Қарсыласты емес, өз ойынымызды ойлаймыз"
Бапкердің айтуынша, Бельгиялық клуб "Қайраттың” соңғы жолдастық кездесулерін бақылағанымен, негізгі назарды өз ішкі дайындығына аударған.
"Иә, біз қарсыластың бірнеше ойынын көрдік. Бірақ біздің басты мақсатымыз — өз ойынымызды қалыпқа келтіру. Бізге тек жеңіс қажет. Сондықтан футболшылар тиісті психологиялық дайындықпен шығуы тиіс. "Қайраттың” ертең қандай тактика таңдайтыны бізге беймәлім, сондықтан кез келген сценарийге дайын болып, жылдам бейімделуіміз маңызды.” — деді Леко.
Соңғы уақыттағы сәтсіздіктер мен команданың формасына қатысты сауалға бапкер ерекше жауап берді. Ол командада сапалы футболшылар жеткілікті екенін, тек 90 минут бойы зейін қою керектігін айтты.
"Біз өткен ойындардағы кемшіліктерден сабақ алып, қайта серпілуіміз керек. Команданың әлеуеті мен мінезі бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге жетеді. Біздің деңгейіміздегі клуб үшін матчтың тек 30 минутында ғана жақсы ойнау жеткіліксіз. Біз кездесудің басынан соңына дейін жоғары қарқынды ұстап тұруға міндеттіміз.” – дейді бапкер.
“Қайрат” – “Брюгге” матчы Астана уақытымен бүгін 20:30-да басталады.
Біздің серіктес: FONBET