"Брюгге" клубының бас бапкері Ники Хайен Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі жеребе қорытындысына пікір білдірді. Бұл кезеңде Бельгиялық клуб Алматыда "Қайратпен" кездеседі.
Хайеннің айтуынша, Алматыға сапар команда үшін "логистикалық сынақ” болмақ. Ойын 20 қаңтарда өтеді.
"Біз әдеттегіден бір күн бұрын жолға шығуға мәжбүрміз, дұрыс дайындалу үшін. Айта кетуім керек, ойыншы ретінде өткізген жалғыз Еуропалық матчым да Қазақстанда болған еді (2002 жылғы 12 шілдеде "Сент-Трюйден” сапында "Тобылға” қарсы). Ол ұзаққа созылмады. Жиырма минуттан кейін алаңнан қуылдым. Бұл жағымсыз тәжірибе болды, сондықтан оны түзеткім келеді." — деді ол.
Біздің серіктес: FONBET