«ASnews.kz» сайтының тілшісі Әлім Дінасылов «Брюгге» капитаны Ханс Ванакенмен сұхбаттасып, «Қайратқа» қарсы кездесу жайлы пікірін білді.
Бельгиялық футболшы Астанадағы ойынды түйіндеп, алматылық футболшылардың деңгейін бағалады. Жартылай қорғаушының пікірінше, Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» футболшылары Еуропалық клубтарда өнер көрсетуге дайын, тек бейімделу жағынан мәселе болуы ықтимал.
«Қазақстандық ойыншылардың еуропалық лигаларға қаншалықты тез бейімделіп, жол таба алатынын айту қиын. Мен оларға қарсы екі рет ойнадым. Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын білемін. Ол өте жас футболшы.
Егер олар Еуропа клубтарына ауысса, барған командасы мен лигасына тезірек бейімделуі керек. Олар мықты чемпионаттарға жолдама алады деп үміттенемін. Мұнда белгілі бір сапа бар және мен олардың ірі клубтарға кететініне сенемін. Қазақстан құрамасы мен «Қайратты» салыстырсақ, ұлттық құрамада ойын сапасы сәл жоғары болды деп ойлаймын. Бұған қараша айындағы матчта Сәтпаевтың ойнағаны да әсер етті, ал бүгін ол алаңда болған жоқ.
Бүгін біз ойынды бақылауда ұстадық. Жеңіске жетуді қаладық, себебі келесі аптада соңғы матч бар, біз әлі де Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту мүмкіндігін сақтап қалдық», - деді Х. Ванакен.
Ханс Ванакен Қазақстанға осымен екі рет келді – ӘЧ іріктеуінде Бельгия сапында өнер көрсетіп гол салса (1:1), кеше «Қайрат» қақпасынан да саңылау тапқан болатын 4:1. Ал Чемпиондар Лигасының 7 турынан кейін алматылық клуб 1 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы 36-орнында келеді. Рафаэль Оразбахтин шәкірттері жалпы кезең аясындағы соңғы кездесуін Англияның "Арсеналына" қарсы өткізбек. Бұл бәсеке 29-қаңтарға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET