Бельгиялық клубтың көшбасшысы Ханс Ванакен Қазақстандық жас футболшылардың Еуропалық клубтарға ауысу мүмкіндігіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол отандық ойыншылардың бойындағы шеберлікті жоғары бағалай отырып, маңызды бір мәселеге тоқталды.
"Сәтпаевтың "Челсиге” ауысуы — үлкен қадам"
Ванакен Қазақстандық таланттарды небәрі екі матчта ғана көргенін алға тартты. Дегенмен, жасөспірім Сатпаевтың "Челси” сияқты әлемдік деңгейдегі клубқа ауысуы оның назарынан тыс қалмапты.
"Бұл туралы кесіп айту қиын, өйткені мен оларды тек екі ойында ғана бақыладым. Білуімше, Сатпаев "Челсиге” ауысып жатыр, ол әлі өте жас. Бұл — үлкен мүмкіндік.” — деді Бельгиялық футболшы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Бейімделу кезеңі — басты фактор
"Брюгге” капитанының пікірінше, Қазақстандық ойыншылардың Еуропадағы табысы тек талантқа ғана емес, олардың жаңа ортаға қаншалықты тез үйренісетініне байланысты.
"Егер Қазақстандық футболшылар Еуропа клубтарына ауысатын болса, оларға бейімделу үшін уақыт керек. Жаңа командаға, жаңа лигаға және өзгеше қарқынға үйрену оңай емес. Бірақ олардың бойында ерекше қасиеттер мен деңгей бар. Соның арқасында олар Еуропаның ірі клубтарына барып, жоғары деңгейге көтеріледі деп үміттенемін.” — деп түйіндеді Ванакен.
Біздің серіктес: FONBET