Ресейлік танымал «Евро-футбол.ру» сайты ЧЛ жалпы кезеңінің 7-турындағы «Қайрат» - «Брюгге» матчына тоқталып, алматылық клуб сапындағы ең әлсіз төрт футболшыны анықтады.
«Темірлан Анарбеков – 3,0
Сәтсіз артқа тасталған доптар тақырыбын жалғастырсақ, Анарбеков те бұл тұрғыда көзге түсті. Оның қақпадан шығудағы қателігі матчтағы алғашқы голға себеп болды. Сол сәтте Станкович жазалады. Кейін де қақпашы команданы құтқара алмады, нәтижесінде төрт гол жіберді», - делінген портал материалында.
Аталған мақалада тағы 3 футболшыға төмен баға берілді – қорғаушылар Егор Сорокин, Еркін Тапалов пен жартылай қорғаушы Дан Глэйзер (барлығына 3 балдан).
ЧЛ 7 турынан кейін алматылық клуб 1 ұпаймен турнирлік кестенің соңғы 36-орнында келеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жалпы кезең аясындағы соңғы кездесуін англияның "Арсеналына" қарсы өткізбек. Бұл бәсеке 29-қаңтарға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET