Жарнама
Жарнама

Бүгін «Елімайдың» көш бастайтын тамаша мүмкіндігі бар

20.10.2024, 13:07

«Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер 23-тур аясында «Тобылға» қарсы өткен ойын туралы пікірін айтты.

"Тобыл" - "Ордабасы" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кеше шымкенттік футболшылар сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Алаң иелеріне үш ұпай сыйлаған голдың авторы Еркін Тапалов болатын (23-минут). Осы сәтсіздігінің арқасында «Ордабасы» чемпиондық таластағы жағдайын біршама нашарлатып алды. Былтырғы чемпионның біріншілік соңында дейін әлі үш кездесуі бар.   

«Біз жеңіске ойнап едік. Өкінішке қарай, матч барысында гол салатын көп мүмкіндігіміз бола тұрып, оларды жүзеге асыра алмадық. Ал қарсыласта тек бірнеше мүмкіндік болған, бірақ жеңіске сол сәттерін іске асырып, доп соғаты команда жетеді. Қалай дегенде қол қусыратын жөніміз жоқ, алда үш ойын бар, біз соның әрбірін жеңу үшін алаңға шығамыз», - деді шымкенттік клубтың бас бапкері.

Айта кетейік, премьер-лиганың 23-турынан кейін «Ордабасы» әлі де кқш бастап тұр. Қоржынында 39 ұпай бар. Кеше сондай-ақ, «Қайрат» өз алаңында «Тұранды» 5:1-мен жеңіп, шымкенттіктерге бір ұпай жақындай түсті. Бұдан бөлек бүгін Семейде «Елімай» «Астанадан» айласын асыратын болса, бірінші орынға шығады. Андрей Карповичтің командасының қоржынында 37 турнирлік бал бар.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров