Бүгін ҚПЛ-дің бірінші тур ойындары өтеді

01.03.2024, 14:23

Жаңа маусымның тұсауын  «Астана» мен «Жеңіс» ашқалы тұр. Бұл кездесуді 14-30 да «Қазспорт» арнасынан тамашалай аласыздар. Астаналық дербиден кейін өз ойындарын тағы бірнеше команда өткізбек.

«Ақтөбе» жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін Қызылордада өткізеді. «Қайсардың» маусымашар матчта жанкүйерлерін жерге қаратпау үшін барын салатыны анық. Сондай-ақ, бұл күні футболсүйер қауым «Жетісу» - «Ақсу» матчын көре алады. Бірінші турдың екінші ойын күні де қызық болайын деп тұр. 2-ші наурызда «Қайрат» пен «Қызыл-Жар», «Елімай» - «Атырау», «Ордабасы» - «Шахтер», «Тобыл» - «Тұран» ойындары өтеді.