Жарнама
Жарнама

Бүгін Суперкубок иесі анықталады

27.08.2011, 00:35
Жарнама
Жарнама
Бүгін Монакодағы «Луи 2» атындағы стадионда УЕФА суперкубогі сарапқа салынады. Ондағы ойында Чемпиондар Лигасында қарсылас шақ келтірмей түгел тобықтан шалған, қазіргі таңда азуын айға білеген каталониялық «Барселона» мен Еуропа Лигасында топ жарған, Супер Кубоктың 1987 жылғы иегері, бірнеше мәрте ақтық сынға жетіп жығылған «айдаһарлар» деген лақап атқа ие Португалияның маңдайалды командасы «Порту» кездеспек. Осы ойын алдында спортсүйер оқырман қауымға қос клубтың Суперкубок тарихындағы аяқ алыстарына аз-кем тоқталып, ақпар бере кетсек. Алдымен алғашқысы жайлы айтсақ, испандық команда аталмыш Кубок жолында осымен сегізінші мәрте ақтық сынға шығып отыр. Соның үшеуінде шың басынан көрінсе,  алқызыл-көк жейделі каталондықтар соңғы рет 2009 жылы алдына қара салмады. Осы жолы да бақтары жанып, қанжығалары майланатын болса, онда клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиола Кубокті екінші мәрте еншілеп, бұл көрсеткіш бойынша сэр Алекс Фергюсон, Луис ван Галь, Карло Анчелотти сынды белді бапкерлермен теңесетін болады. Ал, қарсылас команда «Порту» өз тарихында төртінші мәрте финалға жетіп отыр. Реті келіп тұрғанда «айдаһарлар» бұл Кубокті иеленген португалиялық жалғыз клуб екендінін де айта кеткен жөн. 2003, 2004 жылдары ақтық сынға жеткенімен, олжа өзгенің қанжығасында кеткен тұғын. Енді «Порту» атауын өзгерткен Европа лигасының алғашқы жеңімпазы атанған «Атлетиконың» жетістігін қайталауға тырысып бағатын болады. Сондай-ақ бүгін қос тарап та Чемпиондар лигасының топтық кезең себеттерін анықтайтын жеребе тарту рәсіміне қатысатынын да айтайық, сонымен қатар Монакода жыл үздіктерін марапаттайтын гала-кеш ұйымдастырылатын болады. http://kultobe.kz/
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров