Жарнама
Жарнама

Бүгін «Тобыл» мен «Астана» ел чемпионатында ойнайды

19.09.2025, 11:11

Бүгін Қостанайда Қазақстан Премьер-Лигасының 20-турының шегерілген матчында жергілікті «Тобыл» елордалық «Астананы» қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Ойын 19:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы және KFF League YouTube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, екі команда да турнир кестесінің көшбасшысы атағы үшін талас жүргізіп жатыр. «Астана» 47 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Тобыл» 44 ұпай жинап,  үшінші орында орналасқан. Көшбасшылықты 49 ұпайы бар «Қайрат» сақтап тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: