"Тоттенхэмнің" қорғаушысы Джед Спенс Англияның негізгі құрамасына алғаш рет шақырылды. Ол ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Андорра мен Сербияға қарсы матчтарға қатысуы мүмкін.
25 жастағы футболшы Англия жастар құрамасында алты ойын өткізген. "Мидлсброуда” мансабын бастаған ол "Ренн”, "Лидс” және "Дженоаға” жалға берілген еді. Өткен маусымда ғана "Тоттенхэмнің” негізгі құрамына орнығып, тұрақты ойын көрсете бастады.
"Бұл – Алланың берген үлкен нығметі. Шынымен де таңғажайып сезім. Қиын сәттерде де, ең ауыр кезеңдерде де Құдайдың қасымда екенін сезіндім. Сенімім мен үшін өте маңызды." – деді Спенс.
Ол дініне байланысты қысым сезінбейтінін айтты, керісінше өзінің оқиғасы басқа балаларға, тек мұсылман емес, кез келген діндегі жастарға жігер сыйласа деген ниетте.
“Мен жасай алғанды сен де жасай аласың. Дінің, шыққан жерің маңызды емес. Ниет қойсаң, бәрі мүмкін."
Өткен маусымда Спенс "Тоттенхэмде” нағыз серпіліс жасады. Маусымның бірінші жартысында бар болғаны 64 минут ойнаса, кейін 22 матчтың 19-ында толық 90 минут алаңда болды. Еуропа лигасының топтық кезеңінде мүлдем ойнамаған ол кейін плей-оффта негізгі ойыншыға айналды. "АЗ Алкмаарға" қарсы 1/8 финалда толық ойнап, "Манчестер Юнайтедке” қарсы финалда да алаңға шықты. "Тоттенхэм” сол ойында 17 жылдан кейінгі алғашқы үлкен трофейін жеңіп, Чемпиондар лигасына жолдама алды.
Біздің серіктес: FONBET