«Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев алматылық клубтың алдағы жоспарлары жайлы көлемді сұқбат берді.
«Nursultan Qurman» YouTube-арнасына берген сұқбатында сондай-ақ, Артем Дзюба туралы сұраққа да жауап берген болатын.
«Біз трансферлік терезеде міндетті түрде бір шабуылшы аламыз. Қазір әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз, әлі уақытымыз бар. Менің ойымша, қазір сіз Дзюба туралы сұрайсыз. Артем бізбен сөйлесті және ол жас футболшы емес екенін айтты. Оның жақсы қасиеттерін тізбектеп айта аламын: абырой, тәжірибе және мотивация. Әрі қарай не болатынын білмеймін, бірақ Дзюба келмесе, осындай қасиеттері бар, бойы ұзын және шымыр ойыншыны іздейміз. Дзюба келіссе, біз оны алуға дайынбыз», – деді Қ. Боранбаев.
Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та алматылық клубтың «АКРОН» шабуылшысы Артем Дзюбаға қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған. Ресейлік футболшының өзі де мұны теріске шығарған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET