«Тобылдың» бұрынғы бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев 2019 жылғы маусымда "Қайраттың" тәлімгері Алексей Шпилевскиймен болған жанжал туралы айтты.
- Өткен жылы «Қайратпен» кездесуде «Тобылдың» жанкүйерлері үшін өкінішті сәт орын алды: Алексей Шпилевский «Тобылдың» жаттықтырушылар құрамы мен қосалқы құрамдағы ойыншыларына әдепсіз қимыл көрсетті. Ол кезде не ойладыңыз және не сездіңіз?
- Бұл ишара оны әдепті қылып көрсетпесі анық. Мүмкін бұл эмоцияның әсерінен болған шығар немесе бұл ойын олар үшін маңызды болды. Содан кейін үздік үштік үшін күрес болды және бұл матчта жақсы нәтиже көрсеткен команда чемпиондыққа таласуға болатын еді.
Оның жасаған әрекеті - тәрбиесін көрсетеді, немесе бұл жағдай эмоцияның әсерінен болған шығар. Мен қазір бұл туралы талқылағым келмейді және ол туралы ештеңе айтқым келмейді.
- "Қайрат" немесе бапкердің өзі кешірім сұрады ма?
- Матч аяқталған соң, бас бапкердің көмекшілері киім ауыстыратын бөлмеге келді - олар кешірім сұрады.
- Ал өзі ше?
- Жеке өзім ол кісіні көрген жоқпын және ештеңе естіген жоқпын.
Біздің серіктес: FONBET