Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл нәтиже ел футболында үлкен сын туғызды.
Ұлттық құрамада өнер көрсеткен бұрынғы ойыншы Евгений Аверченко Sports.kz сайтына берген сұхбатында матч жайлы пікірін қысқа да нұсқа жеткізді.
"Бұл ойынды талдап жатудың қажеті жоқ. Бір ғана шындық бар қазіргі уақытта біз Бельгия секілді мықты құрамалармен бәсекеге қабілетті емеспіз. Бұл – факт! Басқа айтар ештеңе жоқ. Қарсылас бізді толықтай басым ойынымен ұтты, ал таблодағы есеп бәрін айқын көрсетіп тұр.” – деді ол.
Аверченконың пікірі артық сыннан гөрі қазіргі жағдайды мойындау қажеттігін көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жеңілістер қазақстандық футболдың жүйелі дамуы керектігін айқын дәлелдейді.
Біздің серіктес: FONBET