"Қайрат" капитаны Александр Мартынович Чемпиондар лигасындағы "Селтикке" қарсы жеңісін ешқашан ұмытпайтыны туралы айтты.
Қазақстандық клуб екі ойын қорытындысы бойынша Шотландтарды ұтып, тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты. Бұл матч 26 тамызда өтті, дәл сол күні Мартыновичтің туған күні еді.
"Бұл туған күн, әрине, ұзаққа есте қалады. Әдетте ойын күні алаңдамас үшін телефонды алдын ала сөндіріп тастаймын, ешкім жазбасын, қоңырау шалмасын деп. Бірақ бәрібір сәл қобалжыдым. "Селтикке” қарағанда бізде қысым аз болды. Біз жан-тәнімізбен күресіп, барымызды салдық. "Селтик" деңгейі жоғары команда. Олардың бір ғана ойыншысының трансферлік құны бүкіл біздің команданың бағасынан артық. Қалай болғанда да, мұндай кезеңге жету сенсация." — деді Мартынович.
Біздің серіктес: FONBET