Ресей құрамасының ардагері Дмитрий Булыкин Поль Погбаның басынан өтіп жатқан жағдайларға пікірін білдірді.
Дмитрий Булыкиннің айтуынша, франциялық жартылай қорғаушыға қатысты өте қатал жаза қолданылған. "Футболшылардың допингпен ұсталатыны өкінішті. Мұндайда кінәлілер көп - футболшының өзі, сосын әрине дәрігерінің де қатысы бар. Поль Погба- Әлем чемпионы. Сонда да жеңілдік жасалған жоқ. Төрт жыл деген өте үлкен мерзім. Бір адамның бүкіл мансабы мен тағдырына балта шабылды,- деді Дмитрий Булыкин.
Айта кетейік, қазан айында Поль Погба допинг сынамасында ұсталған еді." Ювентус" футболшысының қанынан көп мөлшерде тестестерон табылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET