Жарнама
Жарнама

Бундеслига: Левандовский мен Коман неге төбелесті?

13.04.2019, 18:07
Жарнама
Жарнама
Бейсенбі күнгі "Баварияның" жаттығу жұмыстары барысында шабуылшы Роберт Левандовский мен Кингсли Команн төбелесіп қалды деп хабарлайды Bild порталы.  Алдымен, алма кезек сөз арбасумен басталған қақтығыстың соңы жұдырық сермесуге дейін жеткен. Абырой болғанда әріптестері Жером Боатенг пен Никлас Зюле ашуға мінген екеуді ажыратып үлгеріпті. Ал бас бапкер Нико Ковачич орын алған жағдайға байланысты былай түсініктеме берді.
  • "Қазір кешегі қылықтары үшін екеуі де ұялып отыр. Жаттығу барысында да футболшылар өз эмоцияларына ерік беріп қояды. Оның үстіне біз арадағы түсініспеушілікті толық шештік. Өз басым, Робертті де, Кингслиді де жазаламаймын деп шештім."
Естеріңізге сала кетейік, Роберт биылғы маусымда Бундеслига 39 ойынға қатысып, 35 гол соқан. Ал Коман болса  22 ойында алаңға шығып, 5 голдың авторы атанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров