Жарнама
Жарнама

Бундеслига тарихындағы ең үздік сұрмерген 75 жасында өмірден озды

16.08.2021, 01:13
Биыл бұл аңыздың ерекше рекордын Левандовски жаңартқан еді.
Жарнама
Жарнама

Әлем және Еуропа чемпионы, Бундеслиганың тарихындағы ең үздік сұрмерген Герд Мюллер 75 жасында қайтыс болды.

Мюллер кәсіби мансабын 1960 жылдары "ТСВ 1861" клубында бастады. 1964-1979 жылдары Мюллер "Бавария" клубында ойнады. Мюнхендік клубпен бірге Германия чемпионы (1969, 1972, 1973, 1974) және Еуропа чемпиондары кубогінің жеңімпазы болды (1974, 1975, 1976).

Германия ұлттық құрамасы сапында Мюллер әлем чемпионы (1974) және Еуропа чемпионы (1972) атанды. Герд Мюллер - Бундеслига тарихындағы ең үздік сұрмерген (365).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров