Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубы – «Динамо» жейдесінде 19-нөмірді таңдады.
Ол осыған дейінгі командаларының басым бөлігінде осы нөмірмен өнер көрсеткен. РПЛ-де «ЦСКА», «Ростов», ҚПЛ-де «Астананың» және ұлттық құрамада. Енді жаңа командасының сапында да сол нөмірді таңдап отыр. Айта кетейік, жартылай қорғаушы осыған дейін бірнеше маусым Түркия Суперлигасында доп тепкен. Стамбулдық «Бешикташ» намысын қорғап, соңғы маусымда ойын тәжірибесін ала алмаған себепті команда ауыстыруды ұйғарды. Отандасымыздың бар әлеуетін ашуына жиі жарақат алуы негізгі себеп болған секілді. 27 жастағы футболшының трансферлік құны 3 млн еуро.
Біздің серіктес: FONBET