Түркияда өтіп жатқан екінші оқу-жаттығу жиыны кезінде «Қайрат» футбол клубы 27 жастағы түрік аяқдопшысы Бурак Акйылдызбен 1 жылға келісімшарт жасады.
Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Denizlispor» командасында 10 матч өткізген ол, бірде-бір рет мергендік көрсете алмаған еді.
Спорттық мансабын 1998-2006 жылдары «Göztepe SK» клубында бастаған Бурак 2006 жылы «Denizlispor» сапында өнер көрсетті. 2006-2007 жылғы маусымда «Bilecikspor» командасына жалға беріліп, онда 33 матч өткізді. Одан кейін «Marmaris Belediyerspor» командасына жалға берілген футболша, 25 матч өткізіп, 1 доп соқты. Одан кейін 2007-2011жылдары «Denizlispor» сапына қайта оралып, 49 матч өткізді. Сондай-ақ Премьер-лигада 1 рет мергендік танытты. Ал «Қайрат» сапында соңғы жиында байқауға келген Б. Акйылдыз жолдастық 4 кездесуге қатысып, 2 ақпанда Черногорияның Бірінші лигасында өткен маусымда 4-інші орын алған «Зета» командасымен болған ойында жеңіс добын соққан болатын.
Автор: Ержанұлы Ерлік