Жарнама
Жарнама

Бұрынғы «ақтөбеліктер» жасыл алаңда түйісті

08.02.2015, 19:27
Жарнама
Жарнама
Кезінде «Ақтөбенің» намысын бірге қорғаған Самат Смақов, Марат Бикмаев, Тимур Капедзе жасыл алаңда бір-біріне қарсы кездесті. Біздің айтып отырғанымыз, «Ертіс» пен ташкенттік «Локомотив» арасындағы жолдастық кездесу. Кездесу өзбек ағайындарымыздың пайдасына шешілді. Екі гол соққан ташкенттіктер басымдықты өз қолдарына алған. Алайда Смақов бастаған павлодарлықтар қорғаушы Владислав Чернышевтің көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Тіпті, кейін таразы басын теңестіріп тастауға да мүмкіндік болды .Әттең, пайдалана алмады. Қорытынды есеп – 1:2. Айтпақшы, өзбекстандық клубтың сапында тағы бір «экс-ақтөбелік» Александр Гейнрих та бар. Алайда ол аталмыш кездесуге қатысқан жоқ.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров