2022 жылы "Астана" сапында Қазақстан чемпионы атанған Украиналық қорғаушы Данило Бескоровайныйдың төңірегінде соңғы күндері шу көбеюде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі таңда Әзербайжанның “Сумгайыт” клубында өнер көрсетіп жүрген футболшы бапкермен төбелесті деген қауесетке нүкте қойып, Қазақстанға оралу мүмкіндігі туралы айтып берді.
Желіде Данило мен оның қазіргі жаттықтырушысы арасында жанжал шығып, тіпті іс қол көтеруге дейін барды деген ақпарат тараған болатын. Алайда қорғаушы бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“Бапкермен ешқандай қақтығыс болған жоқ. Соңғы ойында қосалқы құрамда отырғанымды көріп, біреулер осы жағдайды пайдаланып хайп жасағысы келген сияқты. Клуб айналасында негатив көп болғандықтан, мұндай өтірік қауесеттердің шығуы заңдылық.” — дейді Бескоровайный Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Қорғаушыны Шымкенттік “Ордабасы” бір жылға жалға алуды көздеген екен. Бескоровайныйдың айтуынша, қысқы трансфер кезінде келіссөздер жүргізілген.
Мәліметтерге сүйенсек, оның трансферлік құқығы Украинаның “Полесье” клубына тиесілі. Украиналық ұжым футболшыны тек жарты жылға ғана жібергісі келгендіктен, мәміле тоқтап қалған.
Қазіргі таңда Данило Әзербайжанда жазға дейін жалға алу негізінде ойнауда.
Футболшының сөзіне қарағанда, оның Қазақстанға қайта келуі әбден мүмкін. “Жазда бәрі де болуы мүмкін.” — деп қысқа қайырған Данило өзіне жақсы таныс чемпионатқа деген есікті жапқан жоқ.
Біздің серіктес: FONBET