Жарнама
Жарнама

«Былғары доп» Еуропаға есік ашады

28.03.2012, 19:20
Жарнама
Жарнама
Мектеп оқушылары арасындағы «Coca-Cola-Былғары доп» додасының алтыншы маусымы жылдағыдан ерекше болмақ. Себебі биылдан бастап осы дода жеңімпазы балалар арасындағы әлем чемпионатына барады.  Республикалық «Coca-Cola-Былғары доп» додасы биылдан бастап еуропалық үлгіге көшіп, «күз-көктем» жүйесінде өткізілетін болады. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, биылғы доданың ересектер жас шамасындағы жеңімпазы шілде айында Испанияда өтетін балалар арасындағы әлем чемпионатына қатысады екен. Әрі әйгілі «Реал» (Мадрид) клубының «Сантьяго-Бернабеу» стадионында додаға түсетін көрінеді.  Жалпы, бұл жоба Қазақстан балалары үшін жаман болған жоқ. «Былғары доп» до­дасының алғашқы маусымында, яғни 2006 жылы Сергей Хижниченко ересек балалар жас шамасындағы доданың ең үздік шабуылшысы болып танылған. Сол жеткіншек бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы. Ал былтырғы доданың жеңімпазы (ересек балалар жас шамасындағы), яғни Қызылорда жеткіншектері Ресейдегі жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Кожанный мяч» турниріне қатысып, 12 команданың ішінде төртінші орынға ие болған-ды.  Былтырдың өзінде еліміздегі 5000 мектептен 350 000 оқушы қатысып, доп тепкен «Coca-Cola-Былғары доп» додасының биылғы ерекшеліктері туралы газетіміздің ертеңгі санынан оқисыздар. Автор: Айқын ЖАППАР
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Ит қауып алды