Нақтырақ айтатын болсақ, Бартомеу ESADE-де оқып жүрген кезінде танысқан досы Сандро Розеллмен бірге 2003 жылғы Барселонадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Жоан Лапортаның директорлар кеңесінде қызмет етті. Клубта ол баскетбол, гандбол және хоккей секцияларына жауапты болды, ал бірінші маусымда Барселона баскетбол командасы ел біріншілігі мен Суперкубогын жеңіп алды.
2004/05 маусымда президент және директорлар кеңесінің бірнеше мүшелері жасаған клубтың ұйымдастырылуындағы өзгерістерге байланысты Бартомеу мен Лапорте арасында келіспеушіліктер туындады. 2005 жылдың наурызында Бартомеу Валеро Ривераның осы бөлімдердің бас менеджері және Маноло Флоресті баскетбол командасының бас бапкері етіп тағайындауына қарсы екенін ашық білдірген соң, Лапорта Бартомеуді қызметінен босатты. 2005 жылы маусымда Бартомеу Сандро Россельмен және Директорлар кеңесінің тағы үш мүшесімен бірге Лапортаның басқару стилін құптамауына байланысты отставкаға кеткен болатын. Лапорта кеткеннен кеткеннен кейін, Сандро Роззела атты кәсіпкер президент сайлауында сенімді жеңіске қол жеткізді.
2010 жылғы маусымдағы президенттік сайлауда Сандро Розелл жеңіске жеткеннен кейін Хосеп Бартомеу Барселонаның спорт істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 2014 жылдың қаңтарына дейін атқарды, сол кезде Розелл Неймарды сатып алу кезінде салықтан жалтару жанжалына байланысты отставкаға кетуге мәжбүр болды.
2014 жылдың 23 қаңтарында мәміленің шын сомасын жасыру және Неймарды сатып алу кезінде салық төлеуден жалтару туралы жанжалға байланысты Сандро отставкаға кетті және клуб жарғысының 33-бабына сәйкес Хосеп Бартомеу Барселонаның 40-президенті болып сайланды. Алайда, Неймар мен Бартомеудің өзіне қатысты Испания прокуратурасы салық төлеуден жалтару және алаяқтық жасады деген айып тағып отыр. Сот отырысы кезінде Бартомеу өзінің Неймармен келіссөздер процесіне қатыспағанын және осы трансфер туралы келісімшарттарға қол қоюға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 2016 жылы наурызда Бартомеу, сондай-ақ Розеллге қарсы барлық айыптар алынып тасталды.
Бастапқыда Бартомеу өзінің қызмет мерзімін 2016 жылдың 30 маусымында аяқтамақ болғанымен, 2015 жылдың қаңтарында ол 2014/15 маусымының соңында президент сайлауы туралы жариялады. 2015 жылы 9 маусымда Бартомеу алдағы президенттік сайлауда өзінің кандидатурасын ұсына алу үшін клуб президенті қызметінен кететіндігін мәлімдеді. Барселонаның жаңа президентін сайлау 2015 жылғы 18 шілдеде өтті. Бартомеу 54,63% дауыс жинап, каталондық клубтың президенті болып қайта сайланды.
2015/2016 маусымының соңында Барселона 608 миллион еуро кіріс тапты, ал маркетингтен түскен табыс 35%-ға артты. 2015/2016 маусымының соңында "Барселона" 670 миллион еуро табыс тапты, ал клубтың қарызы 40 миллион еуроға азайды - 320-дан 280 миллионға дейін. Бартомеу үшін ең табысты маусым 15/16 маусымы болды.
Хосеп Бартомеу «Барселонаның» басында болған уақытта каталондық клуб осы кубоктарды жеңіп алды:
Енді, негізгі мәселеге оралайық. Бартомеу "Барселона" клубына қандай жақсылық және жаманшылық жасады?
"Барселона" жанкүйерлері соңғы жылдары УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтпауына байланысты, өте көп наразылық тудырғанын бізбен-сіз көргенбіз. "Барселона" фанаттары ең қатты наразылық тударған кез осы 2020 жыл десек қателеспейміз. Осы жыл "Барселона" тарихында ең сәтсіз маусым деген атаққа лайықты кез. Себебі мұндай ситуация "Барселона" тарихында болмаған нәрсе. 2020 жылды Бартомеу сәтсіз трансферлер жасады деп есептейді жанкүйерлер. Себебі 2020 жылдың жазында Бартомеу "Барселона" фанаттарының сүйікті футболшысы Артурмен қош айтысты. Және оның орынына жасы 30-ға таяп қалған Пьяничті "Барселона" құрамына алып келді. Екінші қателігі "Барселонадағы" негізгі құрам аяқдопшыларын жаппай сатуы. Оның бірі Суарес, Ракитич т.б футболшылардың команда сапынан кетуі. Үшінші провалы Мессимен конфликтте болуы. Осы жылы Месси клубтан кетуіне сәл қалғанда, Бартомеу Мессиді ешқайда жібермей, ұстап қалды. Бартомеу Мессиге түрлі жерден қысым түсірді. Бұл үш провал "Барселона" жанкүйерлерінің қатты наразылық тудыруына әсер етті.
Әрине, пікір болған соң 2-ге бөлінеді ғой. Кейбір жанкүйерлер Бартомеудің саясатын дұрыс деп құптайды. Себебі осы уақытқа дейінгі клубқа жасаған жақсылықтарын ұмытпағаны шығар бәлкім. Иә, Бартомеудің "Барселонаға" жасаған жақсылықтары да жоқ емес. Бартомеу Каталондық клубты талай қаржылық қиындықтардан құтқарған. Бартомеу клубқа ең қымбат деген трансферлерді сатып алды. Бартомеудің саясатын құптайтын жанкүйерлер көбінесе, клубтың экс-президенті Сандромен салыстырып жатады. Бұл жерде Бартомеудің басым түсуі айқын. Олар Бартомеуді бұлай конфликтпен кетеді деп ойламаған-ау шамасы.
Ақырында Хосеп Бартомеу 27-ші қазан күні кешкі уақытта өзінің өкілеттігін тоқтатқаның мәлімдеді. Келесі президент сайлауы 2021 жылдың наурыз айына жоспарланған.
Алдағы уақытта клубқа қандай басшылық келетінің көретін боламыз. "Барселона" жанкүйерлерінің бір тілегі "Бартомеу секілді президент болмасыншы"- деп тілеп отырғаны мәлім...
Дархан Қасымхан
Біздің серіктес: FONBET