Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров Қазақстан құрамасының жаттығу жұмысына қатыспады.
Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша қорғаушының кішігірім жарақаты бар екен. Осыған орай ұлттық құрама дәрігерлері оған демалыс берді. Алматыдағы "Орталық" стадионда ойын алды жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқан Станислав Черчесов шәкірттері осылайшы бір қорғаушыға сенім арта алмай отыр. Оның орнын алаңда кім басары әзірге белгісіз.
Айта кетуіміз керек, 14-қараша күні Қазақстан құрамасы Аустрия командасымен Ұлттар лигасы аясында ресми матч өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET