Жарнама
Жарнама

БЖМОРСМ №8 клубы техникалық жеңіліске ұшырады

15.07.2021, 20:12
Елордалық клуб Қазақстан Кубогінің алғашқы турында «Қызыл-Жармен» тең ойнаған еді.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 14 шілде күні ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:

Olimpbet-Қазақстан Кубогі, І тур

"Тараз" - "Тобыл"

Матчтың лауазымды тұлғаларына дөрекі сөздер айтқан көрермендердің орынсыз әрекеттері үшін Тәртіптік ереженің 63-бабының 1-тармағына сәйкес "Тараз" ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл 291 700 теңгені құрайды. Жамбылдық клуб айыппұлды 2021 жылдың 14 тамызына дейін төлеуі тиіс.

"Қызыл-Жар" - БЖМОРСМ №8

Іріктеу кезеңіндегі ескертулеріне байланысты бір ойынға шеттетілген ойыншы Онласын Сәкен матчқа қатысқаны үшін Тәртіптік ережесінің 51-бабына сәйкес БЖМОРСМ №8 командасына100 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл 291 700 теңгені құрайды. Елордалық клуб айыппұлды 2021 жылдың 14 тамызына дейін төлеуі қажет.

Тәртіптік ереженің 23-бабына сәйкес, "Қызыл-Жар" және БЖМОРСМ №8 командалары арасындағы Olimpbet - Қазақстан Кубогінің 1-тур матчындағы нәтиже жойылады. Және Тәртіптік ереженің 25-бабына сәйкес БЖМОРСМ №8 клубы 3:0 есебімен техникалық жеңіліске ұшырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров