Жарнама
Жарнама

CAF Африканың үздік ойыншы атағынан үмітті үштікті атады

23.12.2019, 02:32
Жарнама
Жарнама

Бүгін Африка футбол конфедерациясы өз сайтында құрлықтың ең үздік ойыншы атағынан үмітті 3 футболшының есімін жариялады.
Енді бұл марапат иесі "Ливерпуль" мен Египет құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салах, "Манчестер Сити" мен Алжир құрамасының жартылай қорғаушысы Рияд Марез, "Ливерпуль" және Сенегал қүрамасының сұрмергені Садио Мане арасында анықталды.

Аталған жүлдені салтанатты табыстау іс-шарасы 2020 жылы 7 қаңтарда Египетте өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы 2 жыл көлемінде Мұхаммед Салах бұл жүлдені ешкімге берер емес.

Шыны керек, биылғы жеңімпазды анықтау оңайға түспесі анық. Себебі, Салах мен Мане "Ливерпуль" сапында Чемпиондар лигасында топ жарса, кеше клубтар арасындағы әлем чемпионатын ұтты. Ал Марез "Манчестер Ситимен" АПЛ-да және Ағылшын Кубогын жеңген еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров