Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі қарсыластары белгілі.
Ұлттық команданы осы турнирге дайындайтын Станислав Черчесов Бельгия бастаған оппоненттер туралы пікірімен бөлісті.
«Бұл деңгейде жеребенің рөлі орасан зор. Бельгия құрамасымен жақсы таныспын - олармен осыған дейінгі іріктеу турнирінде, Еуроның өзінде де ойнағанмын. Қазір оларда буын алмасу процесі.
Уэльс пен Солтүстік Македонияға қатысты, бұл командаларды іс жүзінде көрмегеніме біраз болды, сондықтан тура бағасын бере алмаймын. Бесінші себеттен Лихтенштейн түсті. Алайда, кез-келген қарсыласты құрметтеп, мұқият зерттеп әрі жеңіске жету үшін барымызды салу керек.
Күнтізбенің қалай түзілетінін күтейік. Болжам жасаудан аулақпын, маған өз командам қызық. Ең бастысы -құраманы қаншалықты дайындап, нәтижеге жету үшін жігер сыйлай алатынымызда», - деді С. Черчесов.
Айта кетейік, Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.
Біздің серіктес: FONBET