2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына деген қызығушылық бүкіл әлем бойынша өте тез таралуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
ФИФА-ның ресми мәліметі бойынша, жарысқа шығарылған алғашқы екі миллион билет қазірдің өзінде сатылып кеткен.
Билеттерді 200-ден астам ел мен аймақтан келген футбол жанкүйерлері сатып алғаны белгілі болды.
Алғашқы сатылымдар кезінде ең көп билет сатып алғандар арасында - Канада, Мексика және АҚШ жанкүйерлері көш бастады. Ойындар осы елдерде өтетіндіктен, жергілікті жанкүйерлер өз стадиондарында өтетін ойындар үшін мүмкіндікті жоғалтпауға тырысуда.
ФИФА келесі сатылым кезеңі жеребе тарту рәсімінен кейін - 11 желтоқсанда басталатынын хабарлады. Бұл кезеңде билеттер FIFA.com/tickets арқылы қайта сатылымға шығарылады.
Біздің серіктес: FONBET