Қазақстан құрамасының жейдесінде доп тепкен Александр Киров ұлттық команданың ӘЧ-2026 іріктеуіндегі қортынды нәтижесіне қатысты болжамын берді.
Ардагердің пікірінше, Әли Әлиевтің шәкірттері үшінші орыннан артыққа дәмеленбей-ақ қойса болады.
«Қазақстанның тобы оңай емес. Бельгия құрамасы ондағы айқын фаворит. Ал Қазақстан өзінің тобында үшінші орынға таласа алады деп есептеймін, себебі олар соыған дейін Уэльске ұтылып қалды. Солтүстік Македония құрамасы да азулы қарсылас және оларға қарсы ойын оңай болмайын деп тұр», - деді А. Киров.
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық команда сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытқан болатын. Енді Әли Әлиевтің шәкірттері 9-маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Одан кейінгі кездесу қыркүйектің төртінде Уэльске қарсы өтпек. Бұл матч Қазақстанның алаңында болады. Әзірге ұлттық құрама екі турдан кейін 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET