Жарнама
Жарнама

Чех жанкүйерлері «Ақтөбе» - «Спарта» ойынына қандай пікір қалдырды?

25.07.2025, 15:33

Конференция лигасының 2-раунды аясында Ақтөбе қаласында өткен «Ақтөбе» - «Спарта» матчында сенсация тіркеліп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Осы орайда назарларыңызға чех жанкүйерлерінің әлеуметтік желідегі пікірлерін ұсынуды жөн көрдік.

«Спартаның тарихындағы ең үлкен масқара»;

«Спарта одан әрі таңғалдыра түседі»;

«Клуб Конференция лигасының жолдамасын әрең жеңіп алды. Енді Қазақстанның бір ауыл командасының алаңында қақпаға доп теуге жарамай қалды ма?»

«Біз тек гол жағынан емес, рух пен ниет жағынан да жеңілдік»;

««Ақтөбе» жеңіске толық лайық болды. Олар не істеу керегін білді. «Спарта» тек  пенальтиді күтумен болды»;

«Бұл төреші алаңнан да нашар»;

«Чемпиондар лигасына ұмтылып жүрген клуб Қазақстандағы шұңқыр алаңда жеңіліп отыр…»;

«Ең өкініштісі - Қазақстанда ойнайтын «Ақтөбе» ойыншыларының біздің футболшылардан еш айырмашылығы жоқ…»;

«Бұл «Борат» фильмінен қарағанда да күлкілі болды»;

Ал сіз қандай пікірдесіз?

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: