Жарнама
Жарнама

Чехия құрамасы бас бапкерсіз қалды

Бас бапкер Иван Гашек Чехияның Фарер аралдарына қарсы сәтсіз кездесуінен кейін орнын босатты. Онымен бірге оның ассистенті Ярослав Веселыда жұмыссыз қалды. 

Жарнама
Жарнама

Чехияның Футбол қауымдастығы ұлттық құраманың Фарер аралдарынан 1:2 есебімен жеңілген кездесуінен кейін Иван Гашекпен келісім шартты бұзды.

Айта кетейік, Гашек чехтар командасын 2024 жылдың қаңтар айынан бері тізгіндеп келді. Оның баптауымен ұлттық құрама биылғы іріктеуде 13 ұпаймен Л-тобының турнир кестесінде екінші орында келеді. Иван 2009 жылы әлем чемпионаты квалификациясында сәтсіз өнер көрсеткені үшін бұрында қызметінен кеткен болатын. 

Еске салсақ, Чехиядан басым түскен Фарер аралдары топта Черногорияны 4:0 есебімен жеңіп тағы бір кішігірім сенсация жасаған болатын. Бірақта қаратаулықтар Мирко Вучиничті ойсырай ұтылғанына қарамастан, қызметінде қалдырды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: