Жарнама
Жарнама

Чехиядан алпыс адам келе жатыр

“Спарта” командасы Конференция Лигасының “Ақтөбеге” қарсы кездесуінде қолдаусыз қалмайды.

Жарнама
Жарнама

“Қобыланды батырда” өтетін ертеңгі ойында чехиялық ұжымды 60 адам қолдауды деген ақпарат бар. Бұлар “Спарта” фанаттар қозғалысының мүшелері болуы мүмкін. 

“Ақтөбе” - “Спарта” арасындағы ойын ертең Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Жалпы алаң иелері тарапынан ертеңгі ойында sold out күтілуде. Жанкүйлер сатылымға шыққан билеттердің барлығын аз уақытта тып-типыл қылған. 

Еске салсақ, “Ақтөбенің”  “Легияға” қарсы бұған дейінгі еурокубок ойынында қарсыластың 50-ге жуық жанкүйері Қазақстанға табан тіреген болатын. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: