Жарнама
Жарнама

«Челси» бай клуб екенін дәлелдеді

«Челси» футболшылары індеттің кесірінен пайда болған дағдарысқа байланысты жалақыларын жоғалтпайды.
Жарнама
Жарнама

Есесіне, Лондон клубы ойыншыларды қайырымдылық акцияларына жиі қатысуға шақырды. Егер дағдарыс уақыты созылып кетсе, команда басшылығы футболшылармен келіссөз жүргізіп, тараптардың ұсынысын тыңдайды. «Челси» пандемия кезінде мемлекеттік қолдаудан да бас тартты. Ел билігі жұмысшылардың жалақысын төлеуге қаржылай көмек көрсетуге әзір екенін хабарлаған еді. Бірақ Лондон клубы штаттағы қызметкерлеріне айлықты толық көлемде төлеуге шамасы жететінін мәлімдеді. Ал, уақытша еңбек ететін, матч кезінде ғана жұмыс істейтін адамдар жалақысын 30-шы маусымға дейін алады. «Челси» жанкүйерлерін де ұмыт қалдырған жоқ. Клуб Мюнхендегі чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне билет сатып алған 3800 жанкүйердің де шығынын қайтарып береді. «Челси» «Бавариямен» өтуі тиіс ойынға баруды жоспарлаған жандардың жолақысы мен жатын орынға кеткен қаржысын кері қайтарады.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров